ҚӘжТА мүшелері НемАО- на қаржылық көмек көрсетеді және оқыту және таныстыру мақсатымен өз өнімдерін ұсынады.

Толық мүшелері


Argalis
Aгралис ГмбХ фирмасы Қазақстанда және басқа да Орта Азия елдерінде сүтті тиімді өндіруге қажетті осы заманғы технологиялардың толық спектрін ұсынады. Біздің тұтынушыларымыз осы саланың дүниежүзілік өнеркәсіптердің құрылғылары мен өнімдерін қолдана отырып, еңбектің тиімді шарттарымен ең жақсы сүт өндірулері керек. Біздің қызмет аясына:
·         Генетикалық материал
·         Сиырларға арналған орындарды жоспарлау мен қамтамасыз ету
·         Тамақ беру
·         Сүтті өндіру, сақтау және қайта өндеу
·         Сапаны бақылау және сараптау
·         Кепкен сүтті жеткізу кіреді

VitaProfi GmbH
«ВитаПрофи» жауапкершілігі шектеулі серіктестестігі малшаруашылықтарына өз тауарлары мен қызметтерін алуан тұрін, малшаруашылығы мен ветеринария саласында кәсіби көмек, жаңа жабдықтар мен жаңа әдістерді ұсынады.
Қазақстанның шаруалықтарына біздің қоймамызда кажетті тауарлар жеткілікті:
• Сүт алмастыру коспасы
• Жемшөп қоспалары
• Ветеринария және зоотехния саласындағы кәсіби жабдықтар
• Генетика
Біздің мамандар әр қашанда кәсіби көмек көрсетуге дайын. Біздің тұтынушылар үшін шетелдік мамандардың қатысуымен кәсіби оқу және шетелге барып білімді жетілдіру мүмкіндіктері бар.

BVN
Нойштадт Айш (BVN) қолдан ұрықтандыру жөніндегі бірлестік, 70 жылдан астам ауылшаруашылығында сенімді серіктес болып келеді.
BVN қызмет көрсететін кәсіпорын ретінде, өз тұтынушыларына жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды ауыстырып отырғызуды өткізу арқылы алынған кең және алуан түрлі шәует ұсынады, сонымен қатар әріптестік кәсіпорындардың оң дамуына тұрақты жәрдемдесу үшін тәуелсіз өндірістік және басқарушылық консалтингтің алуан түрлі кешенді кеңес ұсыныстары да бар.
BVN негізгі міндеті асыл тұқымды бұқалар және әр түрлі тұқымды қабаннан сапалы шәует өндіру.
Өнімділіктің аралас бағытындағы симментальдық мал BVN үшін маңызды тұқым болып табылады.

Caisley
CAISLEY International GmbH Компаниясы ауыл шаруашылық жануарларын тіркеу және сәйкестендіру бойынша 35 жылдан астам білікті серіктес болып табылады. Өнімдер шоғыры визуалды құлақ сырғаларынан бастап, транспондерлер арқылы сәйкестендіру, зертханалық талдау үшін жануарлар ұлпаларының бір мезгілде бирколаумен стандартты сынамаларын іріктеуге дейінгі түрлерімен түрленеді. Бірінші кезекте, өзінің сапалы көрсеткіштері және өте төмен шығындар коэффициентінің арқасында компанияның өнімдері ірі қара мал, қой, ешкі және шошқа малдарын сәйкестендіру үшін 70-тен астам елдерде мақұлданды. Құлақ сырғаларының барлық компоненттері толығымен біздің Германиядағы зауытта жасалынды. Сапалы өнімді қамтамасыздандыруда біз ең жоғары деңгейдегі автоматтандыру және толық қадағаланатын үрдіске сенеміз. CAISLEY International GmbH сапа менеджментінің жүйесі ISO 9001сәйкес сертификатталған. Тек осындай жағдайлармен құлақ сырғаларының ең төменгі шығынына және жануардың өмір бойы сәйкестендіру функционалдығына біз кепілдік бере аламыз.
CAISLEY 1996 жылдан бастап ICAR төтенше мүшесі болып табылады, Халықаралық жануарларды есепке алу бойынша комитеті. ICAR құлақ сырғаларының сапасын тексереді және жануарларды сәйкестендіру үшін транспондерлердің іске қосылуын жүзеге асырады.
CAISLEY International GmbH компаниясы ICAR жауапты тұлғаларымен тығыз серіктестікте және стандарттау бойынша ережелерге өз үлесін үнемі қосады.
CAISLEY International GmbH, жануарларды сәйкестендіру бойынша Сіздің сенімді серіктесіңіз!

СТ АГРО
СТ АГРО фирмасы 2000 жылы қаланған болатын, ал 2014 жылдың қаңтарынан бастап Reesink Gruppe құрамына кіреді. Уақыт фирманың нарық дамуына септігін тигізгенін көрсетті және елде жақсы абыройға ие болды. СТ АГРО ауыл шаруашылығы техникасы аясында кең қызмет спектрін ұсынады және CLAAS, Horsch, Lemken, MacDon, Buhler Versatile, Morris, Summers, Trioliet маркаларын ұсынады. Фирма Қазақстандағы 11 филиалдарымен барлық ел бойынша сату және сервис қызметкерлермен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуде жетекші компания болып табыламыз. Есіл қаласында бұрындары қолданған толық жөнделген машиналар ұсынылады.

КЛAAС
КЛAAС ауылшаруашылығы машиналарын өндіретін әлемдік өндірушілердің бірі. Солтүстік Рейн – Вестфалия жерінің, Харзэвинкель қаласында басты ғимараты орналасқан өндіріс орны комбайндар рыногындағы еуропалық көшбасшы болып табылады. Өздігінен жүретін комбайндар өнімдердің екінші тобына жатады, бұл жерде да КЛААС дүниежүзілік рынокта алдыңғы қатарды алады.
Тракторлармен қоса, пресс – жинауыштар мен азық жинауыш машиналарды шығаратын өнеркәсіптің тобы әлемдік ауыл шаруашылығы техникасының жоғары орынды алады, Германияның 4 өндіріс объектілерінде және халықаралық деңгейдегі 7 объектілерінде орналасқан.

«Евразия Групп»
«Евразия Групп» Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының барлық саласының жеткізуші – компаниясы болып табылады. «Евразия Групп» – тұтынушыларға толық қызмет түрлерін көрсететін, жөндеу қызметтерін көрсететін дүние жүзінің өндірушілердің алдыңғы қатарлы техникасын ұсынатын қазақстандық ауыл шаруашылығындағы жалғыз фирма.

«HORSCH Maschinen GmbH»
"HORSCH Maschinen GmbH" фирмасы 1984жылы Германия мемлекетінің Зитценхоф қалашығында құрылған. Қазіргі күнге дейін басты офистері сол жерде шоғырланған. HORSCH фирмасы құрылған мезеттен бастап, ауыл шаруашылық саласындағы техникаларды жетілдіру жолдарын қарастыра отырып, шаруаларға қолайлы,қуатты әрі үнемді техникаларын ұсынып отырған. Фирманың басты мақсаты жерді өңдейтін және дән сепкіш техникаларын өндіру болып табылады.  HORSCH және LEEB фирмаларының  бірігіп жұмыс істегенінің арқасында өндірілетін техника түрлері көбейді, яғни қазірден бастап фирма өсімдікке химиялық заттарды шашатын тіркелмелі және өздігінен жүретін бүріккіш машиналарын ұсынды.
Фирманың өкілдіктері дүние жүзі бойынша көптеген ірі мемлекеттерде орналасқан. Мысалға: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Украина және Ресей. Қазақстан жерінде HORSCH фирмасы өзінің ресми өкілдігін СТ АГРО фирмасына табыстаған.

«JCB» компаниясы
 JCB компаниясының негізін 1945 жылы Джозеф Ситил Бэмфорд қалады. Бүгінгі күні «JCB» компаниясы құрылыстық және ауылшаруашылық техникаларын, күштік қондырғыларды өндірумен айналысады. «JCB» машина құрылысы компаниясының үш құрылықта 22 зауыты бар, онда шамамен 10000 адам жұмыс істейді. Олардың техникалары 150 елге экспортталады, оның ішінде ТМД елдері де бар.
ТМД елдеріне сатылатын ауылшаруашылық тиегіштерінің моделдік қатарында телескопиялық тиегіштердің 11 моделі, платформаның борттық бұрылумен мини-тиегіштің 17 моделі және фронталді ауылшаруашылық тиегіштерінің 6 моделі бар. Статистикаға сәйкес – әлемдегі әрбір екінші сатылатын тиегіш ол «JCB». «JCB» тиегіштері – өз саласындағы көшбасшы. 2014 жылдың қазан айында «Евразия Групп Казахстан» компаниясы «JCB» ауылшаруашылық тиегіштерінің ресми эксклюзивті дистрибьютері атанды.

John Deere
Дир & Кампанидің негізін 1837 жылы ұста және құрастырушы Джон Дир қалады және өзінің даму жолында әлемдік рыноктағы ірі фирмалардың бірі болды. Джон Дир өзінің өнеркәсібін адалдық, сапа, энтузиазм және жаңашылдық бойынша құруы сәйкестілілік емес. Бұл құндылықтар әлі күнге дейін өзгеріссіз қалуда.
 Джон Дир ГмбХ ауыл шаруашылығы техникасын өндірудегі ең танымал өндіріс орны бола отыра, Германия территориясындағы алты өндіріс орындарында 7 мыңға жуық қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

«Кун» компаниясы
 «Кун» компаниясының француз тобы – ауыл шаруашылығына арналған аспалы және тіркемелі жабдықтардың әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі. Алты ірі өндіруші-зауыттар (Францияда, АҚШ, Бразилияда), көп жылғы жұмыс тәжірибесі, көптеген жаңа  өндіруші-конструкторлар, дамыған дилерлік жүйе және қолжетімді бағамен өнімнің жоғары сапасының үйлесімділігі – міне осылар техниканы бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстанда танымал етеді. «Кун» компаниясының қызметі клиенттерге сапалы техника мен қызметтерге, сондай-ақ салымдардан максималды табыс алуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біздің елде «Кун» техникасы «Кун» өнімінің кең түрін ұсынған «Еуразия Групп Қазақстан» компаниясы арқасында танымал.

LEMKEN
Жерді өндеуге, жинауға және өсімдіктерді қорғауға арналған ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын ЛЕМКЕН  фирмасы қазіргі күнде 1 мыңнан астам қызметкерлерге жұмыс көзі болып отыр. Өндіріс орны Лемкен әулетінің алтыншы және жетінші ұрпағының иелігінде. Альпыдегі Дюссельдорфтан солтүстік – батысқа қарай шамамен 50 шақырым жерде ЛЕМКЕН жылына 13 мың машина шығарады. ЛЕМКЕН Еуропадағы осы сала бойынша көш басындағы өндіріс орындарына жатады.

Mастерринд ГмбХ
Mастерринд ГмбХ ірі қара малды өсіру бойынша алдыңғы қатарлы неміс бас ұйымы. Саксония мен Төменгі Саксонияның федералды жерлеріндегі филиалдары бар өндіріс орны (жұмысшыларының саны 400 адамнан астам) ұйым мүшелеріне жылына шамамен 85 мың ірі қара мал басын, 2,3 млн спермодозалар тасымалдайды және 1,1 млн тұқымдастыруды өткізеді. Мастерринд ұйымында шамамен 800 арнайы таңдап алынған бұқадан голштин малын өсіруге арналған қолдан тұқымдастырудың ең үлкен және осы заманғы станциясы бар.

Рапуль Қазақстан ЖШС
Рапуль Қазақстан ЖШС –1974 жылы құрылған РАПУЛЬ РИНГ Гмбх неміс компаниясында пайда болған өнеркәсібі батыс рыногында, одан басқа Шығыс Еуропа және Азия елдерінде жоғары сапалы егістікке арналған материалдарды тасымалдайды. РАПУЛЬ – РИНГ Гмбх пайда болған компаниялар Еуропа мен Азияның 12 елдерінде ұсынылған.
Біздің рапс – Сіздің табысыңыз!

trimble
Тримбл компаниясы дәл егін шаруашылыгында көшбасшы болып табылады. ГНСС және көлік құралдарын басқару тоқтамдарында олар пайдаланушыларға көлік құралдарын және оның құрал-саймандарымен анағұрлым тиімді, яғни шығындарды азайтып, өнімділікті көбейтеді басқаруға мүмкіндік береді. Дәлелді шешімдерді  қабылдауды қамтамасыз ету үшін, Тримбл компаниясы Connected Farm деген ақпараттық менеджменттің біріктірілген жүйесін ұсынады. Ол жүйе ақппараттық және бағдарламалық қамсыздандырудың озық жобалардың комегі арқылы  өндіріс үрдісінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты алмасуды қамтамасыз етеді. Тримбл қосымша ұсынатын тоқтамдары: көлік құралдарын және саймандарын автоматты басқару жүйесі; тұқымды, сұйық және түйіршіктелген тыңайтқыштарды енгізуді автоматты басқару; су ресурстарымен басқару жүйесі; өнімділікті картаға түсіру.

VIAMIN
VIAMIN – халықаралық аграрлық холдинг. Қазіргі барлық ауылшаруашылық түрлері малдары үшін аса тиімді жем-шөбін өндіруі мен айналасады. Компания өзінің қызметін 2002 жылдан бері атқарып отыр. Холдингтің бас офисі Хамм қаласында орналасқан (Германия).
VIAMINнің Қазақстан Республикасында  өзінің жеке құрама жем-шөп зауыты бар. Осы кәсіпорын Қазақстан, Рессей және басқа да жақын орналасқан елдерін сапасы жоғары қазіргі неміс технологиясы мен жасалған құрама жем-шөбі мен қамтамасы ету мақсаты мен салынған.
Зауыт Buhler жетекші швейцар компаниясының ең соңғы өндірістік желісі мен жабдықталған, сол немістің жоғарғы стандартарына сәйкес және дәлме-дәл мөлшермесін сақтайтын өнімін өндіруге мүмкіндік береді. Желінің құрылуын Bosche Systembau GmbH&Co KG фирмасы жүзеге асырған.
Өндіріс толықтай автоматтандырылған, сондықтан өнімінің түпкілікті сапасына адамдық  факторының әсер етуіне мүмкін емес. Әр жем-шөптің рецептурасы Германияда әзірленеді және бірыңғай дерекқорына жіберіледі – Қазақстандағы қызметкерлеріне жүйеден тек қажетті өнімін таңдап алып және оны өндіруге жіберу ғана қалады.



Ассоциацияланған мүшелері


VDMA Agricultural Machinery
Неміс машина жасау қоғамы  VDMA Agricultural Machinery жетекші салалы ассоциация бола отырып, Германияда, сондай-ақ барлық әлемде 160-тан астам неміс және еуропалық ауыл шаруашылық техникасы өндірушілерін ұсынады.  Ассоциация  Германияның өзінде ғана 30000 қызметкерлерімен  жылдық  тауар айналымы 8,3 млрд. евроны құрайтын компанияларды біріктіреді. Қызметтің негізгі бағыттары: экономикалық және техникалық қызығушылықтарды ұсыну, нарық сараптамасы, желілер жүйесінің кеңеюі және көрме, әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру.