Жоба ұйымдастырушылары


Қолданбалы агаралық зерттеулер институты Нюртинген-Гайслинген экономика мен қоршаған орта Университетінің Қолданбалы агаралық зерттеулер институты Нюртинген-Гайслинген экономика мен қоршаған орта Университетінің
Қолданбалы агаралық зерттеулер институты Нюртинген-Гайслинген экономика мен қоршаған орта Университетінің ғылыми бөлімі болып табылады. Институт аграрлық шаруашылық және жылқы шаруашылығы саласында зерттеу, қызметтерді дамыту мен ұсыну бойынша міндеттерді орындайды. Зерттеу жұмыстары табиғи ресурстарды қолдану мен перспективті ауыл шаруашылығын дамыту мақсатымен жалпы өнеркәсіп-техникалық және экономикалық талаптарды қолдануға арналған.

Хоенхайм Университетінің (бұрынғы Шығыс Еуропа Орталығы) халықаралық байланыс бөліміндегі Шығыс Еуропа мен Азия секторы Хоенхайм Университетінің (бұрынғы Шығыс Еуропа Орталығы) халықаралық байланыс бөліміндегі Шығыс Еуропа мен Азия секторы
Хоенхайм Университетінің (бұрынғы Шығыс Еуропа Орталығы) халықаралық байланыс бөліміндегі Шығыс Еуропа мен Азия секторы факультет аралық ұйым ретінде бола отырып, Хоенхайм университетінің ғылыми құзіреттілігін Орта және Шығыс Еуропа елдері серіктестіктерімен, сондай-ақ пәнаралық, бірнеше елдерге ортақ жобаларды бағыттау үшін табиғи, ауыл шаруашылығы, экономикалық және қоғамдық ғылымдарға топтайды.

Консорциум серіктестері


ЖШС АДТ Консалтинг Жобасы ЖШС АДТ Консалтинг Жобасы
ЖШС АДТ Консалтинг Жобасы неміс мал өсіру бірлестігінің халықаралық консалтингтік фирмасы болып табылады. 1995 жылдан бастап фирма өз қызметін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жобасы саласында жүзеге асыруда, ал оның басты мақсаты аграрлық бірлестіктердің қызметін дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы консалтинг, ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің және мекемелерінің жетекшілері мен мамандарының біліктілігін арттыру бойынша бағдарлама өткізу болып табылады.

DEULA Баден-Вюртемберг ЖШС DEULA Баден-Вюртемберг ЖШС
DEULA Баден-Вюртемберг ЖШС – аграрлы – техникалық білім беру, жалпы техникалық біліктілікті арттыру, онымен қоса, қолөнер және өндірістік саладағы кәсіптік қайта оқыту облысындағы өзіндік құқықтық және экономикалық тәуелсіз кәсіпорын. DEULA Баден-Вюртембергте білім беру мекемесінің сертификаты бар және бақылау әдісі ретінде сапа менеджмент жүйесін (AZWV) қолданады.