Қазақстандағы неміс аграрлық орталығы - НемАО


 Неміс аграрлық орталығы Қазақстан үшін кәсіби біліктілікті жоғарылатудың жаңа тұжырымдамасын ұсынады. DEULA мектебінің жемісті бағдарламасын негізге ала отырып, Неміс аграрлық орталығы 2011 жылдың күзінен бастап ауыл шаруашылығы саласындағы жетекшілер мен мамандардың біліктілігін жоғарылатудың кең ауқымды бағдарламасын ұсынады.

Оқытатын іс шаралар мен курстардың негізгі ұйытқысының құрамына қазақстандық аграрлық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық салалары бойынша белсенді практикалық оқытулардың базалық бағдарламасы енеді. Бөлек блоктардың модульдік құрылысы – ең жаңа өзгерістерге сәйкес келетін кеңінен мамандандырылған білім беруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігіміз бойынша, семинарлардың мерзімдері мен тақырыптарын ауыл шаруашылығындағы қарқынды жұмыстар кезеңінде бермеуге тырысамыз.

Өнім өндірісі технологиялары арқылы оқыту

Неміс аграрлық орталығына қатысушы неміс фирмаларының өндірістік технологияларын оқыту (ауыл шаруашылығы, егіс материалдары, өсімдіктерді қорғау құралдары, мал шаруашылығы кешені мен құрал-жабдықтарының құрылысы, жем-шөп қорлары және т.б.) кәсіпорындар басшылары мен тұтынушыларға тікелей қатысты. Ұдайы жаңалық енгізе отырып, олар өндірістің жаңа әдістерін игеруге және қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде сервистік қызметті үйренуге мүмкіндік береді.

Алқап күні және демонстрациялар

Алқап күні және онымен байланысты машиналар демонстрациясы қалың жұртқа өз өніміңізді, әдістер мен өндіріс технологияларыңызды көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнымен бірге аталмыш іс-шаралар Неміс аграрлық орталығына ұсыныстарыңыз бен жетістіктеріңізді ұсынатын «Ашық есік күні» болып табылады.

Білім беру және зерттеу мекемелерімен байланыс

Қазақстанның ауыл шаруашылығы бойынша білім беру мекемелері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар, оларды қолдау үшін дайындалған ақпараттық буклеттер, мамандандырылған оқу материалы Қазақстанда орын алған аграрлық білімді ҚазАгроИнновациямен бірлесе отырып, жақсартуға жол ашуы тиіс.

Актуалды докладтар мен кеңес беру ісі өңдеу қызметі түрлерінің тізбегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының маңызды тақырыптары бойынша танымал мамандармен өткізілген симпозиумдар Неміс аграрлық орталықтың ұсыныстары тізімін аяқтайды.

Өнеркәсіп, саясат, ғылым және тәжірибенің ұсынылған бастамасы Нюртинген-Гайслинген экономика мен қоршаған орта Университетіндегі қолданбалы агарарлық зерттеулер Институты мен Хоенхайм Университетімен АDT ГмбХ Бонн Жобасымен және DEULA Федералды Ұйымымен бірлесе жүзеге асады. Жоба Германия Федеративті Республикасының сату және ауыл шаруашылығы Федералды министрлігінің кооперациялық бағдарламасы, сондай-ақ аграрлық индустриясының алдыңғы қатарлы фирмаларынан тұратын АМТК жоба тасымалдаушысы шеңберінде қаржыландырылады.