2011 жылғы 16 қыркүйек күні Қазақстанда неміс орталығы ашылады. 10.08.2011

2011 жылғы 16 қыркүйек күні Қазақстанда неміс орталығы ашылады.

2011 жылғы 16 қыркүйек жұма күні Егістік күні аясында Қазақстанда неміс орталығын ресми түрде ашу салтанаты болып өтеді.

Германияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқын қорғау министрлігінің мемлекеттік хатшысы Блезер мырза және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы  министрлігінің  жауапты хатшысы Аман мырза бірлесе отырып, "Қазақстандағы неміс аграрлық орталығы" жобасы бастамасына орай сағат 10.30-да Шағалалыда оның алғашқы Егістік күнін ашады.

Тәжірибе егіс алқабында неміс фирмаларының қатысушылары  өздерінің ауыл шаруашылығы техникаларының, егіс материалдарының  және өсімдіктерді қорғау құралдарының кең түрлерін назарға ұсынады. Онда топырақ өңдеу және егістік техникалары, сонымен қатар, тракторлар мен комбайндар қызметте көрсетіледі.

RAPOOL және KWS егістік материалдарының жеткізімші фирмалары тәжірибе алаңдарында өздерінің рапс пен бидайдың өзекті сорттарын көрсетеді. BASF және BAYER Cropscience компаниялары Неміс Аграрлық орталығының тәжірибелі егіс алқабынға пайдаланған өсімдіктерді қорғау құралдары туралы айтып береді.

Егістік күні 2011 жылғы 16 қыркүйегінде сағат 10.00-де басталып, сағат 14.00-де бірлескен түскі аспен аяқталады.

Возврат к списку