SARUD ЕУРОПАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА НЕМІС АГРАР ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН БІРІККЕН ЖҰМЫСТЫ ДАМЫТУДА. 12.07.2016

SARUD ЕУРОПАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА НЕМІС АГРАР ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН БІРІККЕН ЖҰМЫСТЫ ДАМЫТУДА.

2016 жылдың 20 -22 маусым аралығында Неміс Аграр Орталығында Еуропа қаржыландыратын «Тұрақты ауылшаруашылық және ауыл шаруашылық аймақтарының дамуы (SARUD)» жобаның аясында жергілікті үйлестіру кездесуі өтті.  

Қазақстан мен Ресей аймақтық дамуының бар талаптары және тапшылық аясында үш жылдық жобада, аталған екі мемлекетте алты университет негізінде магистірлік бағдарламамен оқытуды ұйымдастырылу керек, оның негізгі мағынасы «Ауылшаруашылық аймақтарын тұрақты дамыту » болып табылады.

Осы шараға Ресей мен Қазақстан және де Евро Одақтан 34 мекеме қатысады. 5 елдің жоғарғы оқу орындарымен қатар бұл жобаға жергілікті салалар бойынша Қазақстан және Ресей министірліктері, сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері, әкімшілік мекемелері мен одақтары қатысады.  Неміс Аграр Орталығы өндірістік серіптес рөлін атқара отырып, оқыту бағдарламасын дайындау және енгізу үрдісінде Қазақстанның 3 университетіне (Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агратехникалық университеті; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) қолдау көрсетеді.  

Кездесуде Қазақстан университеттерімен қатар Хойэнхайм университетінің атынан жобаның басшысы проф. д-р Мартин Дитерих  және жобаны үйлестіруші Анна Войтенко қатысты.

Кездесу барысында магистірлі бағдарламаға жоспарланған жұмыс жобасының сұрақтары қарастырылды.  Барлық қатысқан 3 университет те «Экономика» мен «Аграр ғылымы» мамандықтары бойынша  оқыту бағдарламаларын ұсынды.  Кездесудің мақсаты оқу бағдарламасын құрастырғанда  ауылшаруашылық аймақтарының тұрақты дамуын есепке алумен қатар, тәжірибемен байланыстыруды ұмытпау. Неміс аграр орталығы және оның негізінде өтізілетін тәжірбе үлестіруші семинарлардың оқыту бағдарламасы инновациялы және теория мен тәжірибе тығыз байланыста.

Магистірлік бағытта тақырыптар қарастырылғаннан кейін, кездесу соңында «Бурабайға» (Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саяжай) саяхат жасалды, саяхат барысында тек қана керемет көріністер бақыланбады, сонымен қатар аймақтың экологиялық мәселелері талданды.
https://sarud.uni-hohenheim.de


Возврат к списку