Қазақстандағы неміс аграрлық орталығының егістік күні мен оқу корпусы ғимаратының салтанатты ашылуы 10.07.2012

Қазақстандағы неміс аграрлық орталығының егістік күні мен оқу корпусы ғимаратының салтанатты ашылуы

2012 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі М.Өміраев пен GFA Consulting Group GmbH өкілі Р.Роговски Қазақстандағы неміс аграрлық орталығының оқу корпусы ғимаратын салтанатты түрде ашылуына қатысты. Үш семинар аудиториясы мен толық жабдықталған кеңсе бөлмелері және оқушыларды орналастыруға арналған қонақ үй нөмірлері бар Қазақстандағы неміс аграрлық орталығы Қазақстан Республикасында қазаргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасы мен өндіріс технологияларын оқыту орталығы болып кеңінен қанат жаюына толық мүмкіндігі бар.

Ғимаратты ресми ашқаннан кейін Қазақстан және Германия өкілдері НемАО-ның тәжірибелік егістігінде егістік күні ашу рәсімін жасады. АМТК-ның мүшелері болып табылатын 10 фирма жоғары мәртебелі өкілдер мен келген 250 маманды қазіргі заманғы техниканы қолдану туралы ақпараттарды, сондай-ақ, өсімдіктерді қорғау құралдары мен сұрыптар және ірі қара малды бағу әдістері туралы ақпараттармен таныстырды. Алуан түрлі ауыл шаруашылық машиналары егістік даласында көрсетілімге қойылып, кейбіреулерін фирма өкілдері кеңірек таныстырып өтті.

10 гектар көлеміндегі тәжірибелік жер үлесінде келуші мамандардың үлкен қызығушылығын тудырған өсімдіктерді қорғаудың құралдары мен сұрыптарды сынақтан өткізу нәтижелері көрсетілді. Демонстрация аяқталғаннан кейін келушілерге бірге түскі ас ішу ұсынылып, онда олар одан әрі НемАО -2012 егістік күні экспонат-фирмаларымен кәсіби ақпарат алмасуға мүмкіндік алды.


Возврат к списку