НемАО өзінің жаңа үш мүшелерін қарсы алады 25.01.2014

НемАО өзінің жаңа үш мүшелерін қарсы алады

НемАО ҚӘжТА-ның жаңа мүшелері ретінде СТ Агро, Кун және ФДМА фирмаларын қарсы алуға қуанышты.

 СТ АГРО фирмасы 2000 жылы қаланған болатын, ал 2014 жылдың қаңтарынан бастап Reesink Gruppe құрамына кіреді. СТ АГРО ауыл шаруашылығы техникасы аясында кең қызмет спектрін ұсынады және CLAAS, Horsch, Lemken, MacDon, Buhler Versatile, Morris, Summers, Trioliet маркаларын ұсынады. Фирма Қазақстандағы 11 филиалдарымен барлық ел бойынша сату және сервис қызметкерлермен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуде жетекші компания болып табыламыз. 

 «Кун» компаниясының француз тобы – ауыл шаруашылығына арналған аспалы және тіркемелі жабдықтардың әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі. Алты ірі өндіруші-зауыттар, көп жылғы жұмыс тәжірибесі, көптеген жаңа  өндіруші-конструкторлар, дамыған дилерлік жүйе және қолжетімді бағамен өнімнің жоғары сапасының үйлесімділігі – міне осылар техниканы бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстанда танымал етеді. Біздің елде «Кун» техникасы «Кун» өнімінің кең түрін ұсынған «Еуразия Групп Қазақстан» компаниясы арқасында танымал.

 Неміс машина жасау қоғамы  VDMA Agricultural Machinery жетекші салалы ассоциация бола отырып, Германияда, сондай-ақ барлық әлемде 160-тан астам неміс және еуропалық ауыл шаруашылық техникасы өндірушілерін ұсынады.  Ассоциация  Германияның өзінде ғана 30000 қызметкерлерімен  жылдық  тауар айналымы 8,3 млрд. евроны құрайтын компанияларды біріктіреді. Қызметтің негізгі бағыттары: экономикалық және техникалық қызығушылықтарды ұсыну, нарық сараптамасы, желілер жүйесінің кеңеюі және көрме, әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру.


 

Возврат к списку