Жақын арада НемАО және ҚМТА интеллектуалды агротехнологиясы... 04.07.2018

Жақын арада НемАО және ҚМТА интеллектуалды агротехнологиясы...

2018 жылдың 09 тамыз күні НемАО және ҚМТА тәжірибелік-көрмелік егістігі тағы да Қазақстанның барлық аграриясының кездесу орны болмақ.

Сегізінші Республикалық НемАО және ҚМТА Дала күнінде Lemken, John Deere, Kuhn, JCB, Claas және HORSCH жетекші еуропалық өндірушілердің ауыл шаруашылық техникасын Сіздердің назарларыңызға егістік жағдайында көрсетеді.

Еуропа ауыл шаруашылық дақылдарының Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайында өсіру нәтижелерімен қатысушыларды Rapool Kasachstan тұқым компаниясы таныстырады.

Мал шаруашылық саласын осы жылы кең құрамды жеткізуші фирмалар көрсетеді. НемАО және ҚМТА өз тарапынан қауымдастықтың жаңа мүшесімен таныстыруға қуанышты –ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлеріне тиімділігі жоғары жем өндірісімен және сатуымен айналысатын ВИАМИН Қазақстан фирмасы. Сонымен қатар Дала күнінде бірінші рет малдарды сәйкестендіру құралдарын өндіруші Caisley International фирмасы қатысады. Agralis, VitaProfi, BVN және Masterrind фирмалары дәстүрлі түрде қатысушыларды мал шаруашылық саласындағы жаңашылдықтармен таныстырады.

Бүгінгі күндердің негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығындағы сандық жүйелеу мен навигациялау бойынша Trimble, John Deere және CLAAS фирмалары егістікте презентация ұсынады.

Жоспарланып отырған Дала күні қатысушыларға Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыс ауыл шаруашылық колледж студенттерінің арасында өткізілетін болашақ фермерлер сайысымен есте қалмақ.

Дала күнінің ең білімді қатысушылары кәсіптік сайыстарға қатысып, ауыл шаруашылық саласындағы білімімен бөлісе алады және де жүлдемен марапатталады.

НемАО және ҚМТА қазірде дәстүрлі болып қалған Дала күнінде Сіздерді қонақ ретінде көруге қуанышты.

Іс – шара бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.


Возврат к списку