Көрмелік және тренингтік жобаның өкілдерінің кездесуі 30.03.2017

Көрмелік және тренингтік жобаның өкілдерінің кездесуі

Германияның өндірістік және ауыл шаруашылық Федералды Министірлігінің және Қазақстандағы Неміс аграр орталығы, екі тарапты қоғамдасқан бағдарламасы аясында 2017 жылдың 20-21 наурыз аралығында Берлин қаласында көрмелік және тренингтік жобаның өкілдерінің кездесуі өтті.
    Іс-шараның қатысушылары Эфиопия, Қытай, Марокко, Замбия,Украина және Қазақстан елдерінде өткізілетін сегіз жобаның өкілдері. Сонымен қатар кездесуде BMEL  және ГФА –ның көптеген  жауапты өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты оқыту және көрмелік орталықтардың қаржылық тұрақтылығының стратегиясын құрау болып табылады. Сонымен қатар өткізілетін жобалар аясында біріккен жұмыстарын оңайландыру орындарын және экономикалық серіптестермен ынтымақтастықтың жетістік факторлапын анықтау сұрақтары қарастырылды.
    Іс-шараны Германияның ауылшаруашылық және өндіріс Федералды Министірлігінің твиннинг-жобасының және халықаралық жобалар департаментінің басшысы доктор Дорис Хеберле ханымы ашты.  Ресми қарсы алу аяқталғаннан кейін, кездесудің қатысушылары өткізілетін жобалар нәтижесін қысқаша баяндады, осымен бірге орталықтардың қаржылық тұрақтылығын және экономикалық серіптестермен ынтымақтасудың нәтижелері сияқты негізгі сұрақтарды талқылады. Кездесудегі елеулі кезеңнің бірі тәуелсіз сарапшы Зигрид Гинке ханымның сөйлегені болды, ол сарапшы 2016 жылы жоба аттестациясын өткізді. Сөзінде сарапшы қойылған мақсаттарға жету үшін жобаланған іс-шараларды және тексеріс нәтижелерін ұсынған болатын. Қазақстандағы Неміс аграр орталығының жұмыс үлгісінде  жергілікті серіптестер қойған негіздемелік шарттар және экономикалық, локалдық серіптестердің қаржылық қатысуларының  жақсы әсер ететіндігі айтылды.
    Бірінші күннің екінші жартысында топтарда жұмыс өткізілді, онда оқыту мекемелер және мемлекеттік ұйымдармен серіптесу актуалды сұрақтары, сонымен қатар көрмелік және оқыту орталықтарының қосымша және негізгі қаржыландыру көздері қарастырылды. Отырыс уақытында тренингті және көрмелік жобаның өкілдері  Германияның ауыл шаруашылық және өндіріс Федералдық Министірлігінің  екі жақты біріккен бағдарламасының аясында, әр түрлі елдердегі жобалар арасында белсенді  ақпарат және тәжірибе алмасу үшін одан әрі кездесу сұрағы талқыланды. НемАО өз тарабынан қажетті ақпаратпен бөлісіп, іс-шараларға белсене қатысуға дайын.
Екінші шешуші күнде топтарда жоба өкілдерінің жұмысы талқыланды, сонымен қатар жоба аралық ішкі коммуникация мүмкіндіктері қарастырылды. Жалпы бұл кездесу басқа жобалардың жұмысымен танысуға, «Қазақстандағы Неміс аграр орталығы» жобасының мақсатқа  жету іс-шараларының бір талайын талқылауға мүмкіндік берді.

Возврат к списку