2012 жылы Қазақстанда НемАО семинарларды өткізу 30.01.2013

2012 жылы Қазақстанда НемАО семинарларды өткізу

Неміс Аграрлық Орталығы әрі қарай дамуда және Қазақстан Республикасындағы аграрлық сектор мамандарының біліктілігін арттырудағы басты мекеме болып саналады. 2012 жылы 5 шілдеде ресми өткізгеннен кейін Қазақстандағы Чаглинка селосындағы Неміс Аграрлық Орталықтың белсенді жұмысы басталды. НемАО оқу бағдарламасына ҚР талаптарына сай өзгерістер енгізілді және Қазақстандағы пилоттық фаза кезінде алынған тәжірибелерге бағытталды. 2012 жылы 86 оқу күндерінен тұратын 437 адам қатысқан жалпы 32 семинар өткізілді. Семинар кезінде Қазақстанның аграрлық секторының жүйесіндегі тақырыптар кеңінен қамтылды.

Семинрлардың маңызын келесі оқу іс – шараларын өткізуге деген қызығушылықтарынан байқауға болады. Курстарды4 кәсіби – бағыттық маңызы мен өткізілу барысы ерекше орын алады, ең бастысы теоретикалық негіздердің НемАО территориясындағы немесе экономикалық серіктестердегі осы заманғы техниканың қолданылуы. Онымен қоса осы заманғы өнім туралы ақпарат беретін орыс тіліндегі үлестіру материалдары жоғары бағаланады.

Чаглинка селосындағы біліктілікті әрдайым арттыру әрі қарай өз жалғасын таппақ. Одан басқа, Қазақстанның басқа да облыстарында, әсіресе «ҚазАгроИнновация» филиалдары мен ауыл шаруашылық өнеркәсіп базаларының шығыс және оңтүстік облыстарында мына салалар: өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы, және ауыл шаруашылық техникасы бойынша қосымша семинарлар өтіп тұратын болады.

НемАО территориясында көрме машиналарының саны экономикалық серіктестіктердің арқасында әрі қарай өсетін болады. Болашақта техниканың қолданылуын НемАО көрме алаңында көруге болады, ал бұл семинар кезінде теория мен тәжірибені жақсартуға мүмкіндік береді.


Возврат к списку