SARUD  және НемАО серіптестігі жалғасуда.... 14.10.2016

SARUD және НемАО серіптестігі жалғасуда....

2016 жылдың 07-ші қазанында Жаратылыстану Ғылымы бағытындағы Варшава Университетінің негізінде «Ауылшаруашылық аумақтарының тұрақты дамуы» SARUD жобасының басшылық комитетінің үшінші отырысы болды, оның мүшелігіне НемАО да кіреді.
Осы кездесу жеткен жетістіктерді талқылауға, сонымен қатар «Ауылшаруашылық аумақтарының тұрақты дамуы» саласында магистірлік бағдарламаға оқытуды ұйымдастыру жұмысының жалғасын жоспарлауға арналды.
Кездесуге қатысушылар бар елеулі сұрақтарды талқылады. Қазақстандық және Ресейлік университеттер кәсіптік бағыттағы магистранттарды оқыту бойынша бағдарламаның жұмыс үлгісін ұсынды, сонымен қатар жобаның іске асуы үшін тәжірибелік әріптестерді тарту әдістерін қарастырды.  2017жылдың күзінен бастап «Агрономия», «Экономика» мамандықтары бойынша магистратураға студенттер қабылдауына байланысты жобаның алдында өзінің танымалдылығын арттыру мақсаты тұр. К.А.Темирязов атындағы  Ресей Мемлекеттік Аграрлық Университет МАА  өкілдері серіптестік және білім  тұғырнамасының үлгісін  кездесудің мүшелеріне  мысал ретінде ұсынды, бұл ұсынысты барлығы бірден қолдады.
Басшылар комитетінің отырысында одан әрі де жоо арасында кездесулердің жоба аясында аудандар арасындағы әріптестіктің және белсенді  тәжірибе алмасуға ынталандыру сияқты сұрақтары қарастырылды. 2017 жылы маусым айында эстафетаны Астана қ-сы, С.Сейфуллин ат. КазАТУ қабылдады. Болашақтағы конфиренцияның қатысушылары   EXPO көрмесіне қатыса алады.
НемАО өз жағынан тәжірибелік бағыттағы серіптес ретінде  өзінің жобаның іс-шарасына белсенді қатысуына қызығушылық танытады.  НемАО негізінде университет  оқытушыларына және студенттерге тәжірибелік тренингтер және оқыту  өткізу жоспарланары SARUD  арасындағы жоба аясындағы серіптестіктің күшейуіне елеулі әсер етеді.

Возврат к списку