НЕМІС АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ 2015ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2016 ЖЫЛҒА ЖОСПАР 13.05.2016

НЕМІС АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ 2015ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2016 ЖЫЛҒА ЖОСПАР

Неміс Аграрлық Орталық 2015 жылғы жұмысты жақсы нәтижемен аяқтады. Осы мерзімге жоспарланған барлық шараларды жүзеге асырылды. Семинарлардың тематикасын кеңейту (мысалы: дәл жер шаруашылығы және ақпаратпен қамсыздандыру, экологиялық жер шаруашылығы т.б.)  2015 жылы, орталыққа семинарлардың санын 59-ға дейін көбейтуге мүмкіндік берді. Осы, көбінесе тәжірибеге бағдарланған семинарлар, НемАО – ның территориясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да аймақтарында өткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда 2015 жылғы семинарға қатысушылар  саны 50% артып, 142 адамды құрады. Олардың санатына ауылшаруашылық өндірісінің өкілдерімен қатар университет, колледж және ғылыми ұйымдар өкілдері де кірді. Сонымен бірге  НемАО негізінде және де Германиямен экономикалық серіптестік ұйымдарында да 15 жергілікті маман біліктілігін арттырды. 2015 жылдың тамыз айында жақсы өткізілген Дала Күні НемАО және АМТК – ға 500 артық аграр секторының өкілдерін жинауға мүмкіндік берді, және де жиналғандарды туған қазақ жерінде өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында  заманауи европалық ауылшаруашылық әдістерді және технологияларды енгізу, пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды. 2015 жылы АМТК қатары бес жаңа мүшелермен толықты, «JCB Ltd.», «Trimble GmbH», «Lechler GmbH», «AGRO GLOBAL GmbH» және «DEUTZ-FAHR GmbH » фирмаларының өкілдері.
2016 жылы НемАО Германиядан референттерді және де жергілікті оқытушыларды жұмылдырумен Қазақстан Республикасының аграрлық секторының өкілдерінің біліктілігін арттыру жемісті жұмысын жалғастырады. Білім беру ұйымдарының студенттеріне сынамалы тәжірибеге бағытталган семинарлар өткізу жоспарлануда. Оқыту шараларымен қатар Орталық АМТК мен бірлесе отырып әдеттегідей Дала Күнін 2016 жылдың 18 тамызында өткізеді.


Возврат к списку