НемАО және ҚӘТҚ Дала Күнінде күткен болжамдарды дәлелдеді 22.08.2016

НемАО және ҚӘТҚ Дала Күнінде күткен болжамдарды дәлелдеді

2016 жылдың 18 тамызында Неміс Аграр Орталығының және Қазақстанда заманауи ауылшаруашылық әдістер және технологияларды тұрақты дамыту Қауымдастығының дәстүрлі Дала Күні өтті. Қазақстанның әр аумағынан келген 400-дей аграр секторының өкілдерінің Дала Күніне қатысуы, олардың заманауи техника және техникалық үрдіске үлкен қызығушылығын дәлелдеді, сонымен қатар осы іс-шараның қажеттігін, қызықтылығын көрсетті. Осы жылы құрметті қонақ ретінде неміс жағынан азық-түлік және ауыл шаруашылық Федералдік министірлігіндегі парламент мемлекеттік хатшысы Петер Блезер, сонымен бірге Германия Елшісінің тұрақты орынбасары Джонни Крамер қатысты.
Дала Күні ашылуының алдында болған баспасөз конференциясында парламент хатшысы Петер Блезер сөз сөйледі, сөзінде Германия мен Қазақстанның аграр секторындағы серіптестігінің маңыздылығын атап өтті. Одан арғы сөзінде Блезер мырза Неміс Аграр орталығының Қазақстан аграр сектор мамандарының біліктілігін арттырудағы  үлесін оң атап өтті және де жобаның үш жылға қаржыландырылатынын айтты. Сонымен қатар баспасөз конференциясының барысында Дала Күнінің жергілікті және шетелдік қатысушылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ауылшаруашылық саласындағы жетістіктерін және жоспарларын әңгіме етті.
Салтанатты ашылудан кейін Неміс Аграр орталығы ҚӘТҚ –нің  қолдауымен Дала Күніне қатысушыларға Еуропаның жетекші өндірушілерінің ауыл шаруашылық техникасын секторға бөліп көрсетті, сонымен қатар белгілі өндіруші фирмалардың жаңалықтары: Lemken, Horsch, John Deere, CLAAS, Kuhn, JCB и Deutz-Fahr болды. Қазақстан аграрияларының аса көп қызығушылығын танытқаны  себуден бастап астық жинауға дейін спутникті навигация жүйелерін қолдануын көрсетуі, Trimble фирмасы, Lechler фирмасының жоғары сапалы форсункалары, JCB и Claas телескопиялық тиегіштері.
Рапс, соя, бұршақ, арпа, картоп, күнбағыс және жүгері ауылшаруашылық дақылдарының  тәжірибелі телімдерінің көрсетілімін дәстүр бойынша  Rapool Kasachstan фирмасы өткізді. Биылғы  жылдың жаңалығы жаздық рапсқа себу мерзімдері бойынша тыңайтқыштар мөлшерін енгізу.
Agralis GmbH фирмасы мал шаруашылығы саласындағы жаңалықтармен таныстырды,  малдарды тамақтандыру, көбейту, асырау үшін жабдықтардың түр-түрін, сонымен қатар мал шаруашылығы фермаларына арналған заманауи құрылғыларды ұсынды.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар «2016- Кәсіби фермер » викторинасына қатысты. Викторинаның жеңілпаздарына ҚӘТҚ фирмаларынан құнды сыйлықтар ұсынылды.  Trimble компаниясынан басты жүлдені  - құны 1 миллион тенге EZ-Guide 250 паралелді жүргізу жүйесі, Ақмола облысы «ИСкра» шаруа қожалығы иемденді.


Возврат к списку