Сүт малшаруашылығындағы менеджмент сұрақтары 24.10.2016

Сүт малшаруашылығындағы менеджмент сұрақтары

17-19 қазан аралығында  Неміс Аграр Орталығы аграр секторының мамандары үшін сүт малшаруашылығындағы менеджмент сұрақтары бойынша  бағдарлы тәжірибе семинар өткізді. Семинар тақырыбы, Қазақстандық аграр секторының мамандарына ірі және ұсақ сүт өндірушілеріне ұсыныс жасалды, яғни: сүт фермаларында және  кешендерінде өндіріс үрдісін ұйымдастыру; мал тұратын орындарын қалпына келтіру  және табын менеджментінің сұрақтары. Семинар референді Германия/Думмерсдорф Юлия Глатц  тақырыпты  кең аша білді,  сүт өндірісіне әсер етпейтін кәсіпорынның орналасқан орнын және қоршаған ортасын, менеджменттің тәжірибесіне ерекше назар аударыды. Семинардың елеулі бөлігін сүт бағытындағы сиырлардың, олардың қажеттілігіне және өнімділігіне байланысты  топ құруына,  сонымен қатар малдың физиологиялық жағдайына қарай -  қорегіне арнады.
ЖШС «Есіл Агро» сүт  өнім фермасында өткен сименардың тәжірибелік бөлігінде   сиырлардың жайылу, дем алу орындары және олардың жайлылығы қаралды (климат, мал қораның қапталуы, жарық берілу және суаруы). Тыңдаушылардың қызығушылығын оятқан сұрақ  негізгі жем өндірісінің үйлесімділігі (жем дақылдарын жинау, өсіру, жинау, шөп және жүгері пішіндемесі, сақталуы),  қоспалар қолдану,  сонымен қатар әр-түрлі өнім топтарындағы сиырларға әр –түрлі деңгейдегі қуат қорегінің қоспалар дайындау.
Семинар қатысушыларының жоғарға кәсіптілігіне қарамастан тәжірибелік бағытта сұрақтар туындап жатты, бұл сұрақтар үш күндік оқыту іс-шарасында жақсы түсіндіріліп, ашылды. Пікірталастар кезінде жоғарғы гинетикалық мүмкіндікті малдардың азығы және мал қоралары жайлы әр түрлі нұсқалар айтылды, сонымен қатар қазақ жерінде заманауй сүт өндіретін технологиялардың енгізілуі және қолдануы пікірталас тақырыбы болды.
Неміс Аграр Орталығы аграрлық саланың мамандарының біліктілігін арттыру бойынша өз жұмысын жалғастыруда және 2016 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасының əр аймағында іле де 10 семинар өткізу жоспарда.

  

Возврат к списку