«НемАО» және «ҚӘжТА» Дала күні - Болашақтың агроинновациясы! 16.08.2017

«НемАО» және «ҚӘжТА» Дала күні - Болашақтың агроинновациясы!

2017 жылдың 27 шілдесінде болған  «НемАО» және «ҚӘжТА» Дала күні кезекті үлкен іс-шара болды.
НемАО 15 еуропалық серіптес фирмалардың, мал шаруашылық жабдықтарын және егу материалдарын, ауылшаруашылық техникаларын өндрушілердің  демеуімен егістікте 600-ге жуық көрермендерді жинады. Аграриялардың назарына ауылшаруашылық техникасында, өсмдік шаруашылығында және мал шаруашылығындағы жаңалықтар тарту етілді.
Германияның азық – түлік және ауыл шаруашылық министірлігінің жанындағы департаменттің басшысы Дорис Хеберле қазақ жерінде құрметті қонақ болды, ол осындай іс-шаралардың үлкен мағынасын ескере кетті және Қазақстан мен Германияның қатынасының одан әрі екі жақты жемісті дамуына септігін тигізетінін ескерді.
Экономика бөлімінің басшысы, Қазақстандағы Германияның өкілінің тұрақты орынбасары, Йонатан Вайнберг мырза да үлкен көрмелерге тамсанды. Оның  айтуы бойынша НемАО мен ҚӘжТА біріккен жұмысы Қазақстандағы ауылшаруашылық әдістері мен технологияларының модернизациясының көрнекті мысалы болып табылады. Қазақстан тарабынын ҚР ауылшаруашылығының ғылыми –техникалық және технологиялық саясат Департаментінің директоры Сұлтанов Азат болды.
Аграрияларға John Deere, CLAAS, Horsch, Lemken, Kuhn, JCB европалық техника фирмаларының көрмесін тамашалауға жайлы ауа-райы өз септігін тигізді. Сонымен қатар тұқым шаруашылығындағы соңғы жетістіктермен Rapool Kasachstan таныстырды. Мал шаруашылық саласын төрт фирма таныстырды, атап айтқанда  Agralis GmbH, BVN и Masterrind және «ВитаПрофи» ЖШС. Соңғысы «ҚӘжТА»  құрамындағы 15 фирмасының ең жасы болып табылады. Оның жұмысы ірі қара малды өндіру және азықтандыру бойынша қызмет көрсету. Қазақстан аумағында олар сонымен қатар BVN и Masterrind фирмаларының өкілдері болып табылады.
Мерекенің қызықты кезеңі аграрияларға арналған викторина болды. Викторинаға қатысушыларды таңдау ерекше өтті, қатысушыларды сиыр сауу бойынша жарыстан іріктеп алды. Ауылдастарға қалыпты жұмыс үлкен қызығушылық тудыры. Соңында сәттілік пен басты жүлдені  Trimble компаниясынан солтүстік Қазақстан облысының «Эрсалды» КХ бұйырды.

Мерекенің соңында әдеттегідей барлығы түскі асқа шақырылды.
Осы жылғы Дала күніне Қазақстанның көп фермерлері қызықты. Неміс Аграр орталығы үшін олар ауыл шаруашылық саласындағы біліктілікті көтеру курстарының қатысуышылары болуы ықтимал. 2017 жылдың екінші жарты жылдық семинарлар өз айналымына енді. Семинарлардың негізгі жоспарларымен сілтеме арқылы танысасыз.


Возврат к списку