Егін Күні 2015 дайындық қызу жүріп жатыр... 22.04.2015

Егін Күні 2015 дайындық қызу жүріп жатыр...

 2015 жылдың 22. 04 күні осы жылдың 13 тамызында өтетін кезекті Егін күнін өткізуге арналған Қазақстандағы заманауи ауылшаруашылығы әдістері мен технологияларының тұрақты даму Ассоциациясының (бұдан әрі – ҚӘТА) мүше-фирмаларының жұмыс топтары өкілдерінің бірінші отырысы өткен болатын.
Неміс аграрлық орталығымен бірге қалған 12 фирма- ҚӘТА мүшелерінің қолдауымен Егін күнін өткізуге жауапты ұйымдастырушы болып Қазақстандағы CT Agro өкілеттілігі тағайындалған болатын.
Іс-шараның тақырыптық арқауы - CLAAS және John Deere фирма-өндірушілері комбайнымен дақылдарды жинау.
Қызығушылық танытқан аграрлық сектор өкілдері «Рапуль Қазақстан» және Bayer Crop Science фирмаларынан Lemken, Horsch, Kuhn, Claas және John Deere сияқты еуропалық өндірушілерінің техникасын қолданумен, ауылшаруашылық өнімдерді өндеудің технологиялық процесінің толық құрылымымен таныса алады.
Мал шаруашылығы саласы ірі қара мал және зоотехникалық қондырғылар тасымалдаушы - Agralis GmbH, BVN, Masterrind компанияларымен ұсынылатын болады.
Аграриялардың кездесу орны өзгеріссіз – Көкшетау қаласынан 20 км. жерде орналасқан Ақмола облысы, Зеренді ауданы Чаглинка селосында орналасқан Неміс аграрлық орталығының тәжірибелік-көрсету егістігі.
НемАО мен ҚӘТА мүше-фирмалары Сізбен бесінші мерейтойлық Егін күнінде кездесуге қуанышты болады.

Возврат к списку