НемАО-ның Чаглинкадағы үшінші Егіс Күні 10.10.2013

НемАО-ның Чаглинкадағы үшінші Егіс Күні

Қазақстандағы Аграрлық Орталық 2013 жылдың 8 тамызында үшінші Егістік Күнінде Чаглинка селосында 200 – ден артық қонақтарды тағы да қарсы алды. Қазақстанға ерекше жаңбырлы жаз іс – шараның дайындығына және өтуіне әсерін тигізді. Ауа райының қолайсыздығына орай, осы жылғы Егістік күні Чаглинка селосындағы орталық ғимараттың қасында өтті. 
ҚӘжТА-ның 12 мүше – фирмаларының қолдауы арқасында ауыл шаруашылығы көліктері, егіс материалдары және мал шаруашылығындағы неміс технологияларының жетістіктерімен таныстыруға мүмкіндік түсті. Іс – шараның салтанатты ашылуынан кейін ҚӘжТА-ның мүше – фирмаларының өкілдері қызығушылық танытқандарға өздерінің жаңа жетістіктері мен өнімдерінің презентациясын ұсынды.
Неміс аграрлық орталығы территориясынан басқа көршілес жер телімінде де Claas, John Deere, Lemken және Krone сияқты фирмалар көліктерінің көрмесі өтті. Осылайша, келушілерге осы заманғы техникамен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді және қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Егіс жабдығы мен өсімдікті қорғау жүйесімен айналысатын Bayer CropScience, BASF, Rapool Kasachstan кәсіпорындары өз өнімдерінің өзекті, басты түрлерін көрсетті.  Көрнекілік егістікпен танысуға мүмкіндік болмаса да, қонақтар арнайы жер телімі жайлы кітапшалар мен тікелей фирма өкілдерімен араласа отыра толыққанды мәліметтер алды. 
Егіс күніне келушілерге іс – шара аяқталған соң, Неміс аграрлық орталығында бірлескен түскі ас кезінде тәжірибе алмасуға және аграрлық бизнес аясында жемісті жұмыс үшін қажетті байланыс орнатуға мүмкіндік туды.

Возврат к списку