НемАО жобалық іс – шараларының жалғасы… 31.12.2013

НемАО жобалық іс – шараларының жалғасы…

2013 ж. 31.12. нәтижесі таңдалған стратегияның адалдығы және аграрлық сектор мамандарының кәсіби біліктілігін әрі қарай арттыру қажеттігін дәлелдеген «Қазақстандағы неміс аграрлық орталығы» герман-қазақстандық жобаның бірінші кезеңі (2011-2013 жж.) аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта Неміс аграрлық орталығы осы заманғы ауыл шаруашылық техникасы бар, жобаның бағытты топтарында үлкен сұранысқа ие семинарлар тақырыбын ұсынатын ұйым болып табылады. Осы сөздерге НемАО өткізген іс-шаралар саны дерек бола алады, нақты айтқанда, ҚР 14 облысы өкілдері қатысқан 81 семинар (209 оқу күні, 1484 адам, 3867 адам-күн).

Семинарлар тақырыбына өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық техникасы мәселелерінің өзекті сұрақтары кірді. Осындай іс-шараларының мәні семинарларды одан әрі өткізуге қатысты қызығушылықтардың артуы болып табылады. Жобаның екінші кезеңінде ҚР шарттарымен сай өзгертілген теориялық негіз және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, сондай-ақ НемАО территориясында осы заманғы технология мен техниканың таныстырылуы кіретін оқытудың бағдарламасы ұсынылады. Германиядан келген жоғары білікті референттер сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және технологиялық үдерістердің жергілікті шарттарға бейімделуін талқылауға дайын. Қатысушыларға орыс тілінде материалдарды таратып  беру оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Екінші кезеңнің ерекшелігі ҚР территориясында аграрлық сектордың инновациялық технологиясын беру және тарату мақсатымен жергілікті мамандарды болашақ референт ретінде таңдау және үйрету болып табылады. Осылайша  республикалық аграрлық секторға көмек көрсету бойынша ауыл шаруашылығы базасында осы заманғы технологияларды енгізуге және білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларын кемелдендіруге қатысты басты мақсатқа қол жеткізіледі.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығына семинарлар тақырыбының өзекті жоспары өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығында осы заманғы тенологияларға қатысты сұрақтар. Біздің есіктер кәсіби біліктілігін арттыруға қызығушылық танытқан барлық аграрлық сектор мамандарына ашық.


Возврат к списку