НемАО мен ҚӘТА Егін күні өзінің бес жылдығын атап өтті 13.08.2015

НемАО мен ҚӘТА Егін күні өзінің бес жылдығын атап өтті

Қазақстанның аграрлық өміріндегі дәстүрлі іс-шараларының бірі Неміс аграрлық орталығы (НемАО) және Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларының тұрақты даму Ассоциациясы (ҚӘТА) өткізген Егін күні болды. Осы жылғы бесінші, мерейтойлы Егін күні НемАО тәжірибелік-көрнекілік егістігі Чаглинка с. 2015ж. 13-тамызында өтті.
Жауынды күнге қарамастан, шырайлы күн шығып, жылы болып, аграрлық сектордың шамамен 500 өкілдеріне іс-шараға қатысуға мүмкіндік берді. Егін күнінің жергілікті және шетелден келген қатысушылары баспасөз-конференция кезінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен әңгімелесе алды және өздерінің ауыл шаруашылық саласындағы жоспарларымен де бөлісті. Егін күні қатысушыларын Қазақстандағы Германия Елшілігінің экономикалық мәселелер жөніндегі атташесі Юрген Грёнсфельд мырза, Германияның өнім мен ауыл шаруашылығы Федералды Министрлігінің өкілі Антье Фрезе ханым сияқты құрметті қонақтар қарсы алды. Ресми ашылу аяқталған соң, Егін күні қатысушылары қазақ жерінде өсімдік және мал шаруашылығында заманауи еуропалық ауыл шаруашылық әдістер мен технологияларды енгізу мүмкіндіктерімен таныса алды.
ҚӘТА әр 14 фирма-мүшелері іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге өзінің септігін тигізді. CLAAS, John Deere, Lemken, Horsch, Kuhn, JCB фирмаларының техникасын ұсынғандарға өсімдік шаруашылығындағы өнімді өндірудегі өз күштерін жоғары деңгейде көрсете алды.
Rapool Kasachstan фирмаларынан егуге арналған материал сапасы және Bayer CropScience өсімдікті қорғау құралдары фирмасы арқасында қонақтар рапс, картоп, күнбағыс және жүгеріге баға бере алды.
Тәжірибелі делянкалардан жақын жерде мал шаруашылығы саласын ұсынған Agralis, BVN, Masterrind фирмалары орнықты. Келушілерге осы фирмалар шығаратын өнімдер жайлы толық ақпарат ұсынылды.
Осы жолғы Егін күні қонақтарының қызығушылықтарын атап кетпеуге болмас. Көріністің әр деңгейі қызығушылықтың артуына септігін тигізді. Түскі асқа қарамастан, қонақтар модераторлардан қалмауға тырысты, солайша қызығушылықтарын көрсетті.  
Іс-шараның қызықты бөлімдерінің бірі ол құнды сыйлықтар ұтысы мен көптен күткен тест-драйв болды.
Осы жолғы Егін күні Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларының тұрақты даму Ассоциациясы мүшелері тағы бір фирмамен толықты. Егін күні аяқталысымен бәрі бір дауыстан ҚӘТА құрамына GPS-технологиялар мен жүйелерді жасаушы заманауи Trimble Germany GmbH кәсіпорны алынды. НемАО ҚӘТА-ның жаңа мүшесін қарсы алуға қуанышты.


Возврат к списку