НЕМІС АГРАР ОРТАЛЫҒЫ «ДАЛА КҮНІНЕ ШАҚЫРАДЫ» НЕМАО ЖӘНЕ  ҚӘТҚ 19.07.2016

НЕМІС АГРАР ОРТАЛЫҒЫ «ДАЛА КҮНІНЕ ШАҚЫРАДЫ» НЕМАО ЖӘНЕ ҚӘТҚ

«Дала Күні» НемАО және ҚӘТҚ» өз қонақтарымен алтыншы рет кездесуді тосуда, кездесу 2016 жылдың 18 тамызында, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылында, Неміс Аграр Орталығының тәжірибелік-демонстрациялық алаңында  болады.
Неміс Аграр Орталығы Қазақстанда заманауи ауылшаруашылық технологияларын және әдістерін тұрақты дамыту қауымдастығының қолдауымен, сіздердің назарларыңызға еуропаның жетекші ауылшаруашылық техникасын өндірушілерінің (Lemken, Horsch, JohnDeere, CLAAS, Kuhn, JCB, Deutz-Fahr) техникасын егістікте сынап көрсетеді.
Дәстү бойынша RapoolKasachstan фирмасы әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының тәжірибелі танаптарын көрсетуді бастайды. Осы жылдың жаңалығы   жазғы рапсты себу және мөлшерлі тыңайту мерзімдері бойынша тәжірибе жұмыстары.
Мал шаруашылығы саласындағы жаңалықтармен Сіздерді MasterrindGmbH және  BVN  сияқты кәсіпорындардың Қазақстанда мүддесін  білдіретін AgralisGmbH фирмасы таныстырады.
ҚӘТҚ мүше фирмалар саны өсуде, яғни, ҚӘТҚ көрсетілген аграр шаруашылығында сегмент саны көбеюде. Мысалы, LechlerGmbH фирмасы Дала күніне қатысушыларды жоғары сапалы бүріккіштің артықшылықтарымен таныстырады. Trimble компаниясы егінді себу және жинау жұмыстары кезінде Спутникті навигация жүйесін қолдануды көрсетеді, осылайша шаруаның жұмысын жеңілдетеді.  
Дала күнінің дәстүрлі ресми ашылуы 2016 жылдың 18 тамызында сағ:1000 .
Сіздерді маңызды бағдарлама тосуда, сонымен қатар, «Кәсіби фермер -2016» викторинасына қатысып құнды сыйлықтар иегері бола аласыздар.



Возврат к списку