ҚАЗАТУ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЫНАМАЛЫ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН СЕМИНАР 26.05.2016

ҚАЗАТУ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЫНАМАЛЫ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН СЕМИНАР

2016жылдың 12-18 мамыр аралығында Неміс Аграрлық Орталығы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника университетінің техникалық және агрономия факультеттерінің 24 студенті үшін сынамалы тәжірибеге бағдарланған семинар өткізді. Шәкірттерді заманауи ауылшаруашылық технологияларымен, европа аграрлық техникасымен таныстыру және оны тиімді пайдалануын тәжірибеде көрсету мақсатында. НемАО семинар өткізу үшін Германияда және НемАО оқытылған жаттықтырушы, оқытушыларды шақырды. Трактор техникасының, пневматикалық және вакуумды тұйықталу бұрғысының құрылымдық ерекшеліктері, топырақ өндеу жабдық-саймандары және оның егістікте қолданылуы жайлы НемАО оқытушы-инженері Мейрамов Бақытжан таныстырды. С. Садвакасов атындағы агротехникалық институттың қызметкері Исмаилова Айгүл дәнді және майлы дақылдардың ауруларын қарастырды және аурудан, зиянкестерден дәнді дақылдарды, зығыр мен рапсты қорау шараларының жүйесі жайлы сұрақты қарастырды. Жазғы егіс және қысқы дәнді дақылдарды өсірудің ресурс сақтаушы технологиясы бойынша сұрақтарды, оған қоса  жем-шөпті дайындау, жем-шөп шөбінің бір жылдық және көп жылдық тематикасын  Солтүстік Қазақстан НИИСХ қызметкері Кусаинова Мадина баяндады.

Семинар барысында НемАО теориясымен қоса негізгі көңіл сұрақтарды тікелей егістік жағдайында, тәжірибе жағынан қарастыруға бөлінеді. Осы бағыттың арқасында студенттер егістікте себу жұмыстарының алдында John Deere фирмасының сепкіштерін жобалауға және дайындауға қатысуға мүмкіндік алды, сонымен қатар бізге таныс CLAAS 950 тракторымен, Horsch фирмасының қопсытқышының көмегімен топырақты өңдеу жұмысына қатысты. Студенттерді тәжірибе егістігінде агроном Капаров Арман және сараптамашы Хельмут Керхердің сұрақтар бойынша пікірлерін айтқаны қатты қызықтырды. Осылайша апта бойы студенттер заманауи теориялық білім алумен қатар егістік жағдайында дәл аграрлық техниканы пайдаланудың белсенді мүшесі бола алды.
Теориялық және практикалық білім берудің бағыттарын кезектестіруге мүмкіндік беретін,тәжірибеге бағдарланған семинар студенттердің білім берудің осы әдісіне үлкен қызығушылығы бар екенін көрсетті. Семинардың көнілден шығып, жақсы өтуіне байланысты НемАО және ҚазАТУ арасында одан әрі де біріккен білім беру бағатында серіптестік жалғасады,осы жылдың шілде айының соңында келесі семинар өткізіледі.

Возврат к списку