2015 жылдың аяғы қарсанындағы Неміс аграрлық орталығы 01.11.2015

2015 жылдың аяғы қарсанындағы Неміс аграрлық орталығы

Неміс аграрлық орталық (НемАО) төртінші кварталдың және біруақытта 2015 жылдың аяқталуында өз Орталықтарының, сонымен қатар өзінің экономикалық серіктестері – Қазақстанда заманауи ауылшаруашылық технологиялар және әдістердің тұрақты даму Ассоциация мүшелерінің дамуының оңтайлы қорытындыларын жасайды. НемАО оқыту семинарларына жоғары қатысушылық Қазақстан Республикасындағы заманауи, алдыңғы қатарлы технологияларында аграрлық сектор мамандарының үлкен қажеттілігін тағыда дәлелдеді. Сонымен бірге өсімдік шаруашылығы және механикаландыру саласындағы семинарлар сияқты, мал шаруашылығы саласының семинарларыда сондай сұранысқа ие. 2015 жылы семинарлар тақырыптарын (мысалы: егіншілік және мәліметпен қамтамасыз ету, сүт шаруашылығының экономикалық тиімділігі және т.б.) кеңейту ауыл шаруашылық кәсіпорындарын тиімді және пайдалы жүргізудің технологиялары мен әдістері жайлы жаңа білімдерді алу мүмкіндігін ұлғайтуға жол ашты. НемАО базасында 2015 жылы өткізілген семинарлардың жалпы саны 58 құрады, ал тыңдармандар саны 1.419 жетті, бұл ертеректегі жылдық көрсеткіштерден елеулі түрде асады. НемАО және ҚӘТА тұрақты және тығыз серіктестігі «Train the Trainer» бағдарламасын НемАО базасында, сонымен қатар Германияда ҚӘТА базасында да сәтті өткізуге мүмкіндік берді. Берілген бағдарлама ҚР ауыл шаруашылық министірлік бюджетінен қаржыландырылды және экономикалық серіктестердің белсенді қолдауы, НемАО курстарының мұғалімдері ретінде болашақта қарастырылған 15 жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етті. НемАО және ҚӘТА экономикалық серіктестерінің құрамына жаңа мүшелерді тартуға байланысты үлкен жұмыс атқарды және ҚӘТА жаңа үш мүшесін қарсалуға қуанышты, нақты айтқанда «Lechler GmbH», «AGRO GLOBAL GmbH» және «DEUTZ-FAHR GmbH». Неміс аграрлық орталығы барлық серіктестерін келе жатқан 2016 жылмен құттықтайды және алдағы уақытта сәтті дамуды, сонымен қатар бар жақсылықты тілейді.


Возврат к списку