Жобаның екінші сатысының аяқталуы және 2017 жылға оптимистік жоспар 30.01.2017

Жобаның екінші сатысының аяқталуы және 2017 жылға оптимистік жоспар

2016 жыл «Қазақстандағы Неміс Аграр Орталығы» жобасының екінші сатысының аяқталу жылы (2014-2016ж.ж.) және үшінші сатыға көшу кезеңі болып келеді. Бұрынғысынша оқу жылының қорытындысы жоба аясындағы іс-шаралардың қажеттілігін дәлелдей түсті. Жыл бойындағы тәжірибеге бағдарланған оқу семинарлары кең тақырыптық спектрлермен ұсынылды. Көп тыңдармандарды қызықтырған агрономия саласындағы елеулі бағыттар мына жаңа семинарларда аталды: «Өсімдік шаруашылығындағы кәсіпорын менеджменті», «Қатар жүргізу жүйесі»,  сонымен қатар «Заманауи тракторларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» . Қорытындылай келгенде 2016 жылы 1017 адам,  Неміс Аграр Орталығының 52 оқыту семинарына қатысты. Орталық оқыту жүргізгенде сарапшы ретінді шетел референттерімен қатар,   «Train the Trainers» бағдарламасын меңгерген  жергілікті мамандарды жұмылдырылды. Сонымен бірге өткен жыл Неміс Аграр Орталығы мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының бірлесе  жемісті жұмыс атқарған жылы.
АМТК және Неміс Аграр Орталығымен өткізген  дәстүрлі алтыншы Дала Күні шын мәнәнде қазақ аграрияларының көңілін бөлді, бұл Қазақстан Республикасының әр аумағынан келген аграр секторының 400 өкілдерінің қатысуынан байқалады.
2016 жыл «Қазақстандағы Неміс Аграр Орталығы» жобасының үшінші сатысының бастамасы . Орталықтың гүлденуіне және де одан әрі дамуына үміт арта отырып, НемАО тобы Қазақстан ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын белсенді жалғастыруда. НемАО барлық серіптестеріне сонымен қатар семинарға қатысушыларға  сенімдері үшін алғыс айта отырып, жаңа 2017 жылы зор денсаулық, сәттілік, табыс, мансаптарының көтерілуін және таусылмас жігер тілейді.

Возврат к списку