Заманауй ауыл шаруашылығы – НемАО және ҚМТА Дала күні  09.08.2018

Заманауй ауыл шаруашылығы – НемАО және ҚМТА Дала күні

2018 жылдың 9 тамыз күні Неміс аграр орталығы және ҚМТА Шағалалы ауылындағы оқыту орталығына жақын орналасқан тәжірибелік-көрме алаңында өздерінің сегізінші Дала күнін ұйымдастырды. Дала күні Smart Farming ұранымен өтті. Ауыл шаруашылығындағы өздерінің жетістіктерімен таныстырған ҚМТА фирма-мүшелері өнімдерінің шеңберіндегі сандық жүйе және автоматтандыру тақырыбын қарастырды.

Тамыз айының жарқын күнінде Қазақстан аграрлық сала өкілдері, кеңесшілер, дилерлер, ғылым қызметкерлер іжәне саясат өкілдері, мал шаруашылығындағы, ауыл шаруашылық техникасындағы және өсімдік шаруашылығында заманауй бағыттар мен инновациялар туралы кең ақпарат алды. 500 адамға шамалас көрермендерге жеке кеңес, топтық презентация, сонымен қатар лотерея және ойын-сауық бағдарламасы сияқты әмбебап бағдарлама ұсынылды.

Соңғы жылдары Солтүстік аймақта НемАО және ҚМТА Дала күні Қазақстанның түпкір-түкпірінен қатысушыларды жинайтын, үлкен жаңғырықты, дәстүрлі іс-шараға айналды.

Дала күнінің қонақтары егу материалдарын, жем-шөп және мал шаруашылығының жабдықтарын, ауыл шаруашылық техникасын өндірушілермен тікелей пікір алмаса алатындығын жоғары бағалады. Тәжірибелік –көрме жерлерін көрсету және егістікте техникамен жұмыс істеу шаралары тәжірибелік ауыл шаруашлығына тереңінен үңілуге мүмкіндік берді.

Кең форматты заманауй теледидардың бақытты иегері, викторина жеңімпазы Қостанай облысының «Қарабатыр» шаруа қожалығы атанды.

Қызыққан мамандар үшін тәжірибелік- көрме егістігі одан әрі де ашық, алдын ала Рапуль фирмасы немесе НемАО келісіп егістікке бара аласыздар.



Возврат к списку