Чаглинка с. НемАО және ҚӘТА төртінші Егін күні 07.08.2014

Чаглинка с. НемАО және ҚӘТА төртінші Егін күні

2014 жылдың 7 тамызында Қазақстандағы Неміс аграрлық орталығы Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларының тұрақты даму Ассоциациясымен (ҚТӘА) бірге Чаглинка с. Төртінші Егіс күнін өткізген болатын.  Бұл шара «Азық өндірісі» атауымен өтті және Қазақстан республикасының әр түрлі облыстарынан  шамамен 500  қонақты қарсы алды, солайша аграрияның азық дайындау саласындағы заманауи әдістері мен технологияларға деген қызығушылықтарының бәсеңдемегенін көрсетті.
Тәжірибелік-көрсеткіш жер телімін кәсіби дайындаудың және ҚТӘА 14 фирма-мүшелердің қолдауы арқасында ауыл шаруашылығы көліктер саласындағы неміс және еуропалық технологияларды, егістік материал мен мал шаруашылығын көрсетуге мүмкіндік туды. Бұл Егін күнінде ҚТӘА жаңа мүшелері де СТ AGRO, Kuhn және Horsch алғаш қатысты. Осылайша, келушілерге көрсету егістігінде басқа фирмалардың көліктерімен қоса, заманауи техникалармен де танысуға, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік туды.
Егін күні қатысушыларының назарында егістік материалдары мен өсімдік қорғау жүйесімен айналысатын Rapool Kasachstan және BayerCropScience кәсіпорындары болды. Тікелей қарым-қатынастың арқасында тәжірибелік жер телімінде олар өз өнімдерін ұсынды және кәсіби талқылау процесінде қолдану мәселелерін де қарастырды.
Егін күнінде Қазақстандық фермерлер,мамандар және аграрлық сектор өнеркәсібі басшыларымен қатар, ҚР ауыл шаруашылығы Вице-Министрі, Қазақстандағы Германия Елшілігінің уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ Германияның сату және ауыл шаруашылығы Федералды Министрлігінің өкілдері құрметті қонақтар қатарында болды.
Егін күні аяқталған соң ҚТӘА мүше-фирмалар атынан, сонымен қатар Неміс аграрлық орталығынан (семинарға қатысуға бір жылдық сертификат) ұтыс ойыны өткізілді және көрме барысында жеңімпаздарға ұтыстары берілді.

Возврат к списку