Мемлекеттік хатшы неміс аграрлық орталықты ашады 18.09.2011

Мемлекеттік хатшы неміс аграрлық орталықты ашады

Мемлекеттік хатшы өзінің қазақстандық әріптесі Евгений Аманмен неміс аграрлық орталығын ашады. Германияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқын қорғау министрлігі парламентінің мемлекеттік хатшысы Петер Блезер мырза 2011 жылғы 16 қыркүйек күні Қазақстандағы неміс аграрлық орталығының  негізін қалады.

Мемлекеттік хатшы Петер Блезермен бірге Германияның Федералды Парламентінің азық-түлік,  ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқын қорғау комитетінің  төрағасы, Федералды Парламенттің мүшесі Ханс-Михаель Гольдманн, сонымен қатар, неміс аграрлық орталықтың негізін қалау мен облыстың біліктілігін арттыру үшін Қазақстанға арнайы келген BMELW делегациясы болды.

Алқап күні аясында Қазақстан астанасынынан солтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан Шағалалы ауылындағы неміс аграрлық орталықтың тәжірибелік-демонстрациялық алаңында салтанатты түрде Қазақстандағы неміс аграрлық орталығы ашылды. Аталмыш іс-шараға немісауыл шаруашылығы өндірушілерімен ауыл шаруашылығы техникаларын демонстрациялау ісі ұсынылған ауыл шаруашылығының 250 құрылымы қатысты. Сондай-ақ,  мұнда сорттарды сынау және неміс аграрлық орталықтың тәжірибе делянкаларында өсімдіктерді қорғау құралдары жайында толық түсініктер берілді. Бұдан басқа Алқап күніне қатысушылар ақпараттық стендтерден неміс аграрлық орталығы қолдап жүрген 14 неміс фирмаларының өнімдерімен, технологияларымен танысты.

Алқап күні бағдарламасы қазақтың дәстүрлі мәдениетімен безендірілді. Іс-шара  соңында қатысушыларға ас үстінде өздерінің кәсіби тәжірібелерімен бөлісу мүмкіндігі туды.

Возврат к списку