02.11.2018

Неміс аграр орталығының күзгі іс-шаралары

Неміс Аграрлық Орталығының оқу жылының екінші жартысында шетелдік мамандар және жергілікті сарапшылар өткізген практикалық семинарлар тізбегі ұсынылды.

Білімді тарату аумағы Қазақстанның солтүстігін, оңтүстігін қамтиды. 10 қыркүйектен бастап 14 қыркүйекке дейін ВитаПрофи компаниясымен бірлесіп, олардың кәсіптік қолдауымен мал шаруашылығына арналған екі семинар өткізілді, атап айтқанда: «Сүтті сиырлардың тұяқтарын өңдеу». «Тастобе АгроФуд» (Талдықорған) және «Сергей» шаруа қожалығы (Павлодар қ.) Кәсіпорындарының мал дәрігерлері мен ветеринарлары тұяқтарды дұрыс өңдеуге арналған соңғы тәжірибе талаптарымен таныса алды.





Неміс Аграрлық Орталығында (27-28.09.18ж) Aтамекен ҰКП құзіреті орталығының қолдауымен «АӨК нысандарын ақысыз ақпараттық қолдау» бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығына арналған екі ірі масштабты семинар өткізілді. Тыңдаушылар ретінде Қазақстан фермерлері болды. Іс-шараның тәжірибелік алаңы «Жақсылық Агро» ЖШС сүт фермасы.





Экономикалық серіктестіктермен бірге,ҚӘжТА -ға мүше компаниялар НемАО қарқынды егін жинау маусымынан кейін фермерлердің көпшілігі үшін кездесу орны болып табылатын KazAgro / KazFarm 2018 халықаралық күзгі көрмесіне қатысты. Бұл іс-шара Германияның азық-түлік және ауылшаруашылық Федералды Министрлігінің жанындағы Парламент хатшысының орынбасары Майкл Шюбгеннің қатысуына байланысты елеулі болды.  


26 қазан күні Астана қаласында өткен «Германия және Қазақстан: тұрақты ауыл шаруашылығын құрудағы серіктестер» аграрлық конференциясында НемАО және ҚӘжТА қатысуы, неміс аграр орталығы мен оның экономикалық әріптестері, ҚӘжТА мүше компаниялар жүргізген аграрилердің дағдысының деңгейін көтеруге деген Қазақстанның өсіп келе жатқан қажеттілігінің тағы бір дәлелі болды.


Возврат к списку