ҚӘжТА және НемАО бірлескен семинары 21.04.2017

ҚӘжТА және НемАО бірлескен семинары

2017 жылдың 17-21 сәуір аралығында аграр секторындағы арнайы дидактика бойынша өткен, үйретуші -оқытушыларға арналған семинардан, сонымен қатар сүтті сиырларды сауу және сүт сапасы бойынша, тәжірибелік –бағыттаушы семинардан, Неміс аграр орталығы мен Қазақстандағы заманауй ауыл шаруашылығы әдісі мен технологиялардың тұрақты дамуның Ассоциясының мүшелерінің (АМТК) тығыз және жемісті жұмысын көреміз, ЖШС «Агралис», ол «Вита Профи» ЖШС-нің еншілес фирмасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, семинардың тәжірибелік бөлігін«Есіл Агро» ЖШС ұйымдастыруға көмектесті.
Бұл семинар сапалы сүт өндірісінің тақырыбын біріктірді. Осыған байланысты керекті зерттеулер жасау үшін сүт сапасын бағалау және арнайы дидактика сұрақтарында мәліметтерді пайдалану үшін, ауыл өндірісінде бірнеше сиырдан, әр желінінен, әр сауын уақытында және сүт сақтау танкінен сүт сынақтары алынды. Алынған мәліметтердің негізінде Агротехника колледжінің студенттерімен интерактивті сабақ өткізу мәліметтері дайындалды. Өткізілген іс-шара үйретуші-оқытушыларға ең басты диалогты оқытуды өткізуге мүмкіндік берді, сабақ барысында студент пен оқушы арасында интенсивті қатынас болды, сонымен қатар студенттер өз ара пікірталасты.
Сүтті сиырды сауу және сүт сапасы бойынша өткен тәжірибелік-бағыттаушы семинар, НемАО және «Есіл Агро» ЖШС-де де өтті. Осылайша теориялық мәліметті малдардың қасында талқылау мүмкін болды, сонымен бірге ауылшарушылық өндірісінде жоспарлы және шын мәніндегі әр-түрлі іс-шаралардың көрсеткіштері сәйкестендірілді. Сиырларды сауу уақытында бақылау қатысушыларға желінді саууға дайындаудағы гигиеналық және дизенфекциялық тазалықтың сақталуын қадағалап байқауына мүмкіндік алды. Сонымен қатар семинарға қатысушылар сауу үрдісін, желіннің одан ары өңделуін қадағалады. Калифорниялық мастит-тесті қолдану маститтің субклиникалық формасын анықтау үшін сүт зерттемесін өткізуге мүмкіндік берді, ферма сиырларында маститқа теріс көрсеткіш көрсетілді. Семинар барысында жем-шөп сақтау маститтің пайда болуына әсер ету сұрағы қарастырылды. Жем-шөп салатын орды (траншей) көргенде олардың жақсы жағдайын бақыладық және салынатын массаны әр түрлі қылдыру керек.
2017 жылдың 24-28 сәуір аралығында келесі екі семинарды өткізу жоспарлануда: заманауй дәнді комбайындарды пайдалану, тракторларға техникалық қызмет көрсету. Орталық осы мақсаттар үшін, тәжірибелік – бағдарлаушы семинарды екіжақты өткізуге ҚӘжТА мүшелігінің экономикалық серіптестерімен керекті техника әкелінді.

Возврат к списку