Чаглинка с. Егін Күніне шақырамыз және ҚӘТА-ның жаңа фирма-мүшесін қарсы аламыз 01.06.2015

Чаглинка с. Егін Күніне шақырамыз және ҚӘТА-ның жаңа фирма-мүшесін қарсы аламыз

2015 жылдың 13 тамызында, бейсенбі күні Чаглинка с. Неміс аграрлық орталығы мен Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларының тұрақты даму Ассоциациясымен біріккен бесінші мерейтойлық Егін Күні өтеді. Өз кезегінде, НемАО мен ҚӘТА-ның фирма-мүшелері Сіздерді биылғы Егін Күнінде қонақ ретінде қарсы алуға қуанышты.
НемАО тәжірибелік-көрсетілім егістігінде өтетін іс-шаралар кезінде Сіздерге ҚӘТА 14 фирма-мүшелерінің өзекті және жаһандық өнімдері ұсынылатын болады. Жем жинау техникалары мен топырақ өңдеу агрегаттары, сондай-ақ егістік жинағын, бүркуіштерді масштабты түрде көрсету аясында іс-шараларға қатысушыларға заманауи ауыл шаруашылығы техникасын тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге және бақылауға бірегей мүмкіндік беріледі.
CLAAS және JOHN DEERE фирмалары Сіздердің назарларыңызға өздігінен жүретін ұсатқыштар мен пресс-сұрыптаушыларды ұсынады, олар жоғарыда көрсетілген фирма тракторларымен жүзеге асады. LEMKEN, HORSCH және KUHN фирмалары тәжірибеде әр түрлі заманауи топырақ өңдеу агрегаттарын көрсетеді. НемАО тәжірибелік бөлінген орында себуді көрсету процесі  HORSCH және JOHN DEERE фирмаларының егу жүйесі көмегімен жүзеге асады.
Егістік материалы мен өсімдікті қорғау құралдарын өндіруші Rapool Kasachstan және Bayer CropScience өздерінің тәжірибелік алаңдарында Егін Күні қатысушыларын тұқым сұрпы мен қолданыстағы өсімдікті қорғау құралдарымен таныстырады.   Іс-шараға қатысушылар өзекті өнімдер туралы және оларды тәжірибе жүзінде қолданылуы бойынша ақпарат ала алады.
Мал шаруашылығы саласы ірі қара мал, мал шаруашылығындағы техникалық қондырыс пен жарықтандыру тасымалдаушылары - Agralis, BVN және Masterrind фирмаларымен ұсынылады.

JCB-logo

НемАО  JCB фирмасын ҚӘТА-ның жаңа мүшесі ретінде қарсы алуға қуанышты. JCB экскаватор-тиегіш, сондай-ақ телескопиялық тиегіштердің дүниежүзілік жетекші өндірушісі болып табылады. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және өңдеумен қатар фирма ілеспелі қызмет ұсынады. Сондай-ақ, биылғы Егін Күні қатысушыларына JCB техникасы ұсынылатын болады.
Егін Күні ашылуы сағат 10:00-де. Көтеріңкі көңіл-күй үшін іс-шара музыкамен сүйемелденетін болады. Сағат 13:45-тен қатысушылар түскі асқа шақырылады. Тілек білдіргендер 14.00-де болатын лотерея ойынына қатыса алады.
НемАО мен ҚӘТА Егін Күні Көкшетау қаласынан 20 км., Чаглинка с. (Ақмола облысы, Зеренді ауданында) Неміс аргарлық орталығының тәжірибелік-көрсетілім егістігінде өтетін болады.

Іс-шара бағдарламасымен Сіздер сілтемемен өту арқылы таныса аласыз.


Возврат к списку