Қазақстандағы Неміс аграрлық орталығы семинарлар өткізуді жалғастыруда 01.09.2012

Қазақстандағы Неміс аграрлық орталығы семинарлар өткізуді жалғастыруда

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен «КазАгроИнновация» АҚ білім тарату орталықтарында 9 семинар өткізілді. «Нақты егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы ақпараттық қамтамасыз ету» атты семинар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін ұйымдастырылды. Неміс аграрлық орталығының оқыту корпусы ашылғаннан кейін 2012 жылдың маусым айында оның оқыту дәрісханаларында 7 семинар өтті. Жалпы, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында 17 семинар ұйымдастырылды. Бұл ретте, жалпы оқыту күні 42 күнді құрады, біліктілігін жоғарылатқан мамандар саны 224, ал, жалпы қатысқан адам-күн саны 571,5 болды.

2012 жылғы 5 шілде күні ойдағыдай өткізілген Алқап күнінен кейін біліктілікті арттыру бойынша іс-шаралар жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың шілде және тамыз айларында «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу» және «Ірі қара малдың тұяғын күту» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырылған болатын.

Қазіргі таңда Немір аграрлық орталығы 2012 жылғы қазан айында өткізілетін семинарларды дайындау үстінде. «Өңдеу технологиясы мен картоптың өсуін қорғау жүйесі» атты семинар қазанның 17-сі мен 19-ы аралығында, ал «Астық жинау техникасы» атты семинар қазанның 29-ынан бастап қарашаның 2-сі аралығында өтетін болады.

Семинарлар өтетін Немір аграрлық орталығының оқыту қорпусы жақсы жабдықталған. Үш кең дәрісханаға 100 қатысушыға дейін отырғызуға болады. Тыңдаушылардың тұруы үшін қонақ бөлмелері (бір, екі бөлмелі), ал үзіліс кезінде тартымды әңгіме-дүкен құру үшін жайлы асхана ұсынылады.


Возврат к списку