Неміс аграрлық орталығы өз қызметін 2015 жылы бастайды 01.02.2015

Неміс аграрлық орталығы өз қызметін 2015 жылы бастайды

Жемісті 2014 оқу жылы мысалында Неміс аграрлық орталығы оқыту семинарларына қатысам дегендердің барлығына өз есігін қайта ашқалы отыр.
Орталықтың Қазақстан аграрияларының біліктілігін арттыру бойынша қызметі үлкен сұранысқа ие. 2014 жылы НемАО өткен іс-шаралармен қатар Қазақстан республикасының бес аудандары (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Өскемен және Алматы облыстарында) өндірістік кәсіпорындарында шығатын семинарлар өткізілді. Өткен 2014 жылы 48 семинарлардан тұратын оқу бағдарламасы шеңберінде аграрлық сектордың 944 өкілі өз біліктіліктерін арттырған болатын. Өткен үш жылдағыдай оқыту іс-шараларының қатысушылары кәсіпорын мамандарынан басқа, мультипликаторлар рөлінде сөз сөйлейтін университет, колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлері болды. ҚӘТА мүше-фирмалары ұсынған заманауи техникасының арқасында қатысушылардың өзекті сауалдарына жауап беретін тәжірибеге бағытталған семинарлар өткізуге мүмкіндік бар және болады.
Келген жаңа жылда Неміс аграрлық орталығы өзінің оқу қызметін «Қазақстанның қуаң аумақтарында тиімді азық өндіру», сондай-ақ «Тұқымдық жұмыстың осы заманғы әдістері» тақырыптарында екі семинарды өткізумен ашқалы отыр.
2015 жылға Неміс аграрлық орталығымен әркім қатыса алатын көптеген оқу семинарлары мен іс-шаралар жоспарланған. Сіз 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының толық оқу бағдарламасымен сілтемемен өту арқылы таныса аласыз.

Возврат к списку