Ауылшаруашылық  колледж студенттерінің арасындағы 1-ші кәсіби сайыс, 2018 жыл, Шағалалы ауылы. 10.09.2018

Ауылшаруашылық колледж студенттерінің арасындағы 1-ші кәсіби сайыс, 2018 жыл, Шағалалы ауылы.

Жас мамандарды даярлау, табысты ауыл шаруашылық кәсіпорынының кепілі болып есептеледі. Кісіби білімді тәжірибелік ауыл шаруашылығынсыз жеке қарастырған уақытта, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қажеттіліктерінен алыс екенін байқаймыз. Осы жағдайдың нітижесінде кәсіби тәжірибеге қызығушылығы жоқ, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алмай, өз орнын табуға қиналатын, кәсіби және тәжірибелік талаптарға сәйкес келмейтін маман тәрбиеленеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнім өндірушілері мен маман тәрбиелеушілердің арасындағы байланыс бұзылады.

Ауыл шаруашылық колледж студенттеріне арналған кәсіби сайыс ақпараттық және имидждық компания ретінде қабылдануы керек.Шағалалы а., НемАО және ҚМТА дәстүрлі Дала күні сайысқа лайықты алаң болды.

«Жем –шөпті анықтау», «Кедергілер жолағымен тіркемелі тракторды жүргізу», «Күнделікті тракторға техникалық қызмет көрсету» станцияларында іске қосылған 7 колледждерінің әр қайсысы бір білікті маманнан жолдады.

Агротехникалық колледж Nr. 3 Александр Савельев

Агротехникалық колледж Nr. 4 Илья Гусев

Агротехникалық колледж Nr. 7 Роман Щинов

Агротехникалық колледж Nr. 8 Асылтас Ерболатұлы

Агротехникалық колледж Nr. 10 Юрий Дьяченко

Жоғары Агротехникалық колледжі, Чаглинка а., Карим Сейсенбаев

Қызылжар Агротехникалық колледжі Евгений Юстус

2018 жылы сәуірде тәжірибелік семинар шеңберінде дайындықтан өткен колледж оқытушылары мен НемАО жаттықтырушылары әділ қазылар болды. Оларға ерекше алғыз білдіріледі. Іс-шара ұйымдастырушылар жеңімпаздарды таныстыруға қуанышты. Жүлделі орындарға келесі қатысушылар лайықты болды:

1. орын Александр Савельев АТК №. 3 2. орын Юрий Дьяченко АТК №. 10 3. орын Роман Щинов АТК №. 7

Жеңімпаз қатысушыларға сыйлықтарды қаржылыө демеушілері ҚМТА фирма-мүшелері ұсынды.

НемАО қызметкерлері, сонымен қатар немістер тарапынан жобаны ұйымдастырушылар ҚМТА фирма-мүшелеріне кәсіби сайысты қолдағандары және жас мамандарды дайындаудағы жан-жақты көмектері үшін ерекше алғыс білдіреді.

Сайысқа қатысушылар, сонымен қатар оқытушылар мен әділ қазылар сайысты жақсы дәстүрге айнала алатын іс-шара деп бағалады. Сайыс барлық қатысушылар үшін өнегелі болды, өйткені кәсіби білімге қажетті білімді толықтырып, түсінуге көмектесті. Жоғары талаптарына қарамастан сайыс жас мамандар үшін дайындық барысында және сайыс барысында үлкен түрткі болды.

Д-р Керстин Ваквиц



Возврат к списку